1.2. Түзу сызықты жүйелер. Анықтамалары және қасиеттері.
Түзу сызықты деп қозғалысы түзу сызықты алгебралық және дифференциалдық теңдеулермен бейнеленетін жүйелерді атаймыз.
(1-13)
Бұл автаматтық басқару жүйесін жалпы түрде бейнелейтін түзу сызықты дифференциалдық теңдеу.
Қисықсызықты теңдеулер мысалдыра:
(1-14)
(1-15)
(1-13) теңдеуінің сол жағы жүйенің еріксіз және еркін қозғалыстарының қосындысы, яғни шығыс айнымалысының у(t) уақыт бойынша өзгеруі. Теңдеудің оң жағы кіріс сигналының өзгеруін сипаттайды және әдетте қандай да бір нақты функцияға f(t) тең. Егер f(t) = 0, яғни оң жақ нольге тең болса, онда бұл жүйенің кірісінде сигнал жоқ және жүйе еркін қозғалатынын білдіреді.
Түзу сызықты жүйеге мысал ретінде 3 мысалда 1-3 суретте көрсетілген арастырғышты реакторды келтіруге болады.
Түзу сызықты жұйелердің негізгі қасиеттері болып суперпозиция принципі болып табылады. Осы принципті ұстану жүйенің түзу сызықтылығын білдіреді.
Суперпозиция принципінің негізгі жағдайлары:
1) Түзу сызықты жүйелер үшін екі немесе оданда қөп әсерлерге жүйенің реакциясы қосындысы осы әсерлердің әр қайсысына реакция қосындысына тең.
(1-16)
2) Егер кіріс сигналын k есе үлкейтсе немесе кішірейтсе, онда шығу сигналы да сонша есе үлкейеді.
(1-17)
Суперпозиция принципінің түзу сызықты және қисықсызықты жұйелер үшін орындалуы 1-5 және 1-6 суреттерде қөрсетілген.
у
у(хА+хВ)
у(хВ)
у(хА)
х
хА
хВ
хА+хВ
1-5 сурет. Түзу сызықты жүйелер үшін суперпозиция принципі
у
у(хА+хВ)
у(хВ)
у(хА) х
хА хВ
хА+хВ
1-6 сурет. Қисықсызықты жүйелер үшін суперпозиция принципі
1-5 суретінен суперпозиция принципі (1-16) орындалатыны қөрініп тұр, 1-6 суретте қисықсызықты жүйелер үшін бүл шарт орындалмайды.